Ұлы Отан соғысының батырларын мәңгі есте сақтауға арналған республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жоба
Рус  /  Қаз

Жеңісті жүрегіңде сақта

Волонтер болыңыз

Жоба жаңалықтары

ЖОБА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Бүгін әрбіреуіміз халықтың осал топтарына қолдау көрсетуге, оған қоса, әлеуметтік жауапкешілігі бар, ортаға бей-жай емес тұлға болуды үйретуге бағытталған маңызды жобаның бөлігі болғысы келеді.

Еріктілер қатарына қосылу үшін арнайы дағдыға ие болу міндетті емес, тек Сіздің шынайы тілегіңіздің болуы ғана жеткілікті. Дәл осы жағдайда ғана, мұқтаж адамдармен жүрегіңіздегі жылуыңыз және көңіліңізбен бөлісе аласыз.

Жоба аясында ұйымдастырылып отырған іс-шаралардың өткізілу орнына жақын жерде тұратын болсаңыз, Сіз өз аймағыңыздағы жоба координаторларына хабарласып, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлерінің үйлеріне жүргізілетін рейдтерге (рейдтердің жүргізілу кестесі бекітілген) қосыла аласыз..

Оған қоса, Сіз келесі бағыттарда тәжірибеңіз, не дағдыңыз болса, аталмыш жобаға өз үлесіңізді қоса аласыз

— Coral, Photoshop PowerPoint бағдарламаларында жұмыс істеу тәжірибеңіз;
— презентациялар және бейнероликтарды жасау;
— фото и бейнетүсірілім жасаудағы тәжірибеңіз;
— шығармашылық аясында;
— немесе басқа да бағыттарда.

Еріктілер жоба аясында не алады:

— көшбасшылық қабілетін ашып, дамытады;
— кәсіпқой және кәсіпқой емес дағдыларды дамытады;
— тіл тапқыштық және ұйымдастырушылық қасиеттерін дамытады;
— топ ішінде жұмыс істеу тәжірибесі.

Егер еріктілер қатарына қосылғыңыз келсе, Сіз zhenysproject@mail.ruэлектрондық поштасына келесі мәліметтерді жіберуіңіз қажет:

— жеке куәлі;
— телефон нөміріңізді;
— аталған тұлғаларға көрсете алатын көмек түрін көрсету;
— нақты бағыттағы тәжірибе мен дағдыңызды (егер болған жағдайда);
— жоба бойынша ұсыныстар (егер болған жағдайда).

Жоба жайлы сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз жауапты координаторлардан анықтауыңызға болады — Координаторлар картасы