Ұлы Отан соғысының батырларын мәңгі есте сақтауға арналған республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жоба
Рус  /  Қаз

Жеңісті жүрегіңде сақта

Ақтөбеде ардагерлер ұйымының президиумы мүшесімен бейресми кездесу өтті

Жоба жаңалықтары
Состоялась неформальная встреча с членом Президиума ветеранской организации в Актобе

Александр Федорұлы қалалық Ардагерлер кеңесін 2002 жылдан бастап басқарып келді. Бұл жылдар ішінде ол өз еңбегімен ардагерлер мен қала жұртшылығының құрметіне ие болды.

Облыстың ардагерлер ұйымы 86 мың зейнеткер, соғыс пен еңбек ардагерлерінен құралады, олардың жартысынан астамы қалада тұрады.

Қазірде Ақтөбеде 84 бастапқы ардагерлер ұйымы жұмыс істейді.

Бейресми кездесу барысында Гаухар жақында қалада бастау алған «Жеңіс» жобасының мақсаттары мен міндеттері жайлы айтып өтті.

Александр Федорұлы жоба волонтерлеріне алғыс білдіріп, қала ардагерлері игілігі үшін бізбен ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты.

Естеріңізге салып өтейік, 2017 жылдың мамыр айында «Жеңіс» жобасының жалғасы бастау алды. Жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ бастама жасады. 2017 жылы жобаны «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ іске асырады.

Волонтерлік рейдтер келесі қалаларда жүзеге асырылады: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Тараз, Талдықорған, Текелі, Теміртау, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз.

Жақын арада волонтерлік жасақтар үйлестірушілерінің байланыс мәліметтері жарияланады, сонда сіздер де жобаға қосыла аласыздар.

Facebook-тегі парақшамызға жазылып, жаңалықтардан хабардар болыңыздар!