Ұлы Отан соғысының батырларын мәңгі есте сақтауға арналған республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жоба
Рус  /  Қаз

Жеңісті жүрегіңде сақта

Жоба туралы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы –
бұл айрықша күн

Бұл соғыстың ардагерлерін өз көзімізбен көріп, оларға өз дәрежесінде құрмет көрсетіп, ерліктері мен бізге сыйлаған ашық аспандары үшін алғыс айтатын соңғы мерейтойлық күн осы болуы әбден мүмкін.

Дәл осы айрықша күнге орай «Жеңіс» жобасы іске қосылды. Бұл – Ұлы Отан соғысы батырларын мәңгілікке жадымызға, жүрегімізге жазатын үлкен жоба. Осы бір аса маңызды тарихи кезең, Қазақстан мен қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы тағы бір еске салып, біздің жарқын болашағымыз үшін қан төккендерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Жобаның аты айтып тұрғандай, бұл жеңістің құны аса жоғары болды және әрбір қазақстандықтың, бүгінде тұрақты әрі дамушы егемен Қазақстанда тұратын әрбір адамның тағдырына әсер етті. Бұл жеңіс әрқайсысымыздың кем дегенде алғысымыз бен ол туралы естен шығармауымызға лайық.

Жобаның бірнеше мақсаты бар. Біріншісі – бұл жалпыұлттық қайырымдылық шаралары арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне іс жүзінде көмек көрсету. Ардагерлеріміз аз қалды, бар болғаны 5000-ға жуық жан. Алайда олардың әрқайсысы жақсы жағдайда өмір сүруге, және ең бастысы қолдау мен алғысты тек 9 мамыр қарсаңында ғана емес, ұдайы, күн сайын алуға құқылы. Әрбір қазақстандық ардагерлеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға қайырымдылық ете алатын мұндай құралдың жасалуы – бұл оларға бір мәрте ғана емес, тұрақты түрде қолдау көрсетудің тиімді тәсілі.

Мәлімет тарату жағы да аса маңызды. Бұған толықтай «Тарих» бөлімі арналған. Онда Ұлы Отан соғысы және Қазақстан мен қазақстандықтардың фашизмді жеңуге қосқан үлесі туралы ақпарат жарияланған. Жас ұрпақ бұл Жеңістің қандай құрбандықпен келгенін біліп, ата-бабаларының ерліктерін мақтан етуі тиіс. Мұндай тарихи оқиғалар туралы ұмытуға болмайды және Жеңіс туралы болашақ қазақстандық ұрпақ білуі үшін көп күш салу керек.

Жоба zhenys.kz сайтындағы жұмыспен шектелмейді. Жоба аясында ардагерлерді қолдауға бағытталған көптеген әлеуметтік маңызы бар науқандар мен іс-шаралар өтіп тұрады.

Жоба «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының
белсенді қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жеңісті жүрегіңде сақта

Жеңіс жобасы келесідей науқандарды қамтиды

Өмір Жолы

«Өмір Жолы» жобасы Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді шұғыл көмек көрсету жүйесіне қосуға бағытталған.

Жүйенің өзі шұғыл көмек көрсетуге арналған «дабыл түймесі» орнатылған стационарлық және ұялы құрылғылардан тұрады.

«Халық қалаулысы» ТВ жобасы

КТК телеарнасы «Батырлар шежіресін» жасау бойынша науқан өткізуде. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқан қазақстандықтар туралы оқиғаларды жинаймыз. Майданда және тылда жүріп, Ұлы Жеңісті жақындатқандар туралы ақпарат жинау бойынша науқан республикалық қоғамдық «Халық қалаулысы» сыйлығы аясында өтеді. Батырлардың ерлігін мәңгіге есте сақтап, оны ұрпақтарымызға тарату үшін «Батырлар шежіресін» бірге жазайық!

zhenys.kz сайты

Төмендегідей қызметтер атқаратын қайырымдылық-ақпараттық порталы:

— Ардагерлердің қажеттіліктеріне орай тұрақты мекенжайлық көмек көрсетуді ұйымдастыру алаңы;
— Ұлы Отан соғысының тарихын Қазақстан жастары арасында кеңінен тарату.

«Наша война» деректі сериалы

Мамыр айының басында «Еуразия» бірінші арнасында «Наша война» деректі сериалының тұсаукесері өтеді. Деректі циклдің кейіпкерлерін іздеу барысында түсіру топтары бес елді және екі құрлықты аралады. Фильмде ең заманауи кинематографиялық тәсілдер қолданылған. Адамдар тағдырлары мен естеліктердің бірегей қабысуы – бұған дейін беймәлім болған, адамдардың басынан өткен және түсірілген материалдың мол ауқымы.

«Мәңгілік полк» қайырымдылық онлайн-марафоны

70 жыл бұрын біздің аталарымыз Ұлы Жеңіске жетті, бұл ерлік туралы ғасырлар бойы айтылатын болады. «Мәңгілік полк» жобасы Kcell және activ абоненттеріне ардагерлерді бүкіл елдің алдында Жеңіс күнімен құттықтауға мүмкіндік береді. Науқан аясында кез келген абонент 9 мамырдың құрметіне құттықтау бейнежазбасын жасап, онымен әлеуметтік желілерде #kcellzhenys70 хэштегімен бөліседі, эстафетаны өзінің үш досына таратады. Үздік бейнежазба Youtube арнасында жарияланады. Сонымен қатар абонент 1945 қысқа нөміріне кез келген іші бос болмайтын SMS-ті жібере алады. 1 SMS құны ҚҚС-ты қосқанда 250 теңгені құрайды, SMS-тер саны шектеусіз. Барлық жиналған қаражаттар «Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы» РҚБ-ке кетеді және ардагерлердің баспанасын жөндеуден өткізуге, абаттандыруға, олардың емі мен дәрілік заттарын төлеуге, тұрмыстық заттарын сатып алуға жұмсалады.

АЛҒЫС

  • Жангутиева Айгерим

    Булаткызы Балжан

    Адамбеков Алишер

    Белтаев Адиль

    Бахытжан Аринов

    Есентаева Аяулым

    Есентаева Назым

    Есентаева Динара

    Кайкенова Томирис

    Торгаев Ислам

    Мукашева Азель

    Мусабекова Ботагоз

    Ахметова Адия

    Абилькаиров Темирлан

    Аринов Бахытжан

  • Каленова Айгерим

    Габбас Саулет

    Григорьев Сергей

    Бекен Айдана

    Лапина Анастасия

    Попова Анна

    Апенов Дмитрий

    Захаров Анатолий

    Тусупбекова Айгерим

    Кайыр Айжан

    Имантай Алтынай

    Ахметова Аяжан

    Телегенева Мадина

    Торужинова Жанар

    Рядных Дарья

    Гореленкова Марина

    Казакова Виктория

    Айткенов Алибек

    Танатарова Алия

    Кенжебаева Диляра

    Нагыманова Сабина

    Толчина Маргарина

    Стецкая Виктория

    Белотуркина Илона

    Мейрам Кымбат

    Тастамбекова Маншук

    Мукушева Альмира

    Кайыргалы Сара

    Оспанова Зарина

     

  • Уразова Гульмира

    Мусипов Ерлан

    Абдос Айгерим

    Мадимухаметова Арайгуль

    Романченко Владислав

    Орынбай Асем

    Баймурзин Адильбек

    Жамаш Жалгас

    Тулеев Арман

    Толеби Адилет

    Байгожин Нияз

    Тулебекова Ботагоз

    Тлеугабыл Айгерим

    Ескендир Торгын

    Роот Елена

    Алкенова Диана

    Жексенбаева Жулдыз

     

  • Абдымова Асель

    Калиева Жанар

    Конакбай Молдир

    Кульмагамбетова Назира

    Мурзагулова Анель

    Махамбетова Диана

    Имангожина Зинат

    Жансая Муканова

    Жаканов Адилет

    Акбулатова Камила

    Бахитжанова Айгерим

    Сыдыкова Мадина

    Базаев Азамат

    Пущина Анастасия

    Салеров Руфат

    Сейткалиев Шерхан

    Елеуова Динара

     

Қарағанды қ. еріктілері

Жоба серіктестері